Өлең, жыр, ақындар

Бай мен ақын

  • 08.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1221
Зор Байменен соттасты Ақын саналы,
Зевске әрі жалынды ол жақта деп;
Бұйрық жетті тез келіңдер сотқа деп.
Келді: бірі – жан арық,
Киімі де шамалы;
Бірі – маңғаз, кигені кіл бағалы.
«Есіркей гөр, әміршісі Олимптің,
Қолыңда от та, жарық күн! –
Деді Ақын, – не кінәм бар алдыңда?
Жастан бақыт бұрмай қойды мойын да,
Еш нәрсем жоқ, бар байлығым бойымда:
Тек қиял мен ойымда;
Мына мырза, ал мұнда,
Ақылсыз-ақ саған жақын жайғасқан.
Қоршайды жұрт ұқсап бейне шалғынға,
Молшылықтан бар денесін май басқан».
«Не керегі бар оның?
Сенің жырың ғасырлар ел жүрегін жылытар, –
Деді Юпитер, – ал оны
Шөбере емес, немересі-ақ ұмытар.
Өзің ең ғой бұл даңқты таңдаған,
Ал, мен оған байлық беріп алдағам.
Бірақ, сенгін, шындықты болса аздап аңдаған,
Ақыл кіріп және де бір мезетке өзінше,
Алдында бір бейшара екендігін сезінсе,
Сенен гөрі көбірек күңкілдер еді ол маған».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қарындасыма

  • 0
  • 2

Қарындасым – сестричка,
Қандай әсем стрижка!
Еркелігің лақтай,
Үнің сыңғыр бұлақтай.

Толық

Өлген ақынның өзін жерлеуге жиналғандар алдындағы монологі немесе қабір басындағы сөз

  • 0
  • 0

Бұл дүниенің қызығына тоя алмай,
Жортып жүрген жігіт едім қояндай.
Енді бүгін тас табытта жатырмын,
О, Алла-ай!

Толық

Тойға тілек

  • 0
  • 0

Бір-біріне көптен ынтық қос үміт,
Бүгін, міне, гүл жайнады қосылып.
Тап осындай тамашаның тұсында
Жырлайық, дос, тұрмайық бос тосылып.

Толық