Таң атады – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Таң атады» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1278
Таң атады, күн шығады,
Құбылмаса Көк Тәңірі.
Тыныс жетпей тұншығады,
Тас астында шөп тамыры.
Шырылдайды босқа жылап,
Оята алмай тау сілемін.
Жоқ қой, әттең, таста құлақ,
Еститұғын даусын оның...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері