Әлі де жүр күтіп – Жеңіс Қашқынов

Бұл бетте «Әлі де жүр күтіп» атты Жеңіс Қашқынов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.09.2019
  • 0
  • 0
  • 1440
Сыйлап ем Сараға,
Торда отырған бұлбұлды.
- Бой жазсын, - деп, далаға
Қоя берді бір күні.
- Бұлбұл неге кешікті? –
деп, салды да жем торға.
Айқара ашып есікті,
Қояды апарып балконға.
Ол құсына сенеді,
Көңілін жықсын кім мұның.
- Торға қайтып келеді, -
Деп күтеді бұлбұлды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері