Ашық күн – Қастек Баянбай

Бұл бетте «Ашық күн» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.08.2020
  • 0
  • 0
  • 3491
Атамның баяғы
Жаралы аяғы
Жауынды күндері
Ауырып қалады.
Көрпесін жамылып,
Жатады сарылып.
Кенет күн ашылса,
Кетеді сауығып.
Кешкісін атамның
Қойнына жатамын.
Сипаймын ақырын
Сүттей ақ сақалын.
Таң атса күлімдеп,
Жүрегім дірілдеп,
Атама жүгірем:
– Күн ашық бүгін! – деп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері