Сейітқұлдың кетпені – Серік Тұрғынбеков

Бұл бетте «Сейітқұлдың кетпені» атты Серік Тұрғынбеков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.09.2021
  • 0
  • 0
  • 908
Маңдай соры – үш батпан,
Тағдыр мықтап ұстатқан.
Қыс алғанда қыспаққа,
Аштық тартты пұшпақтан.
От өзегі өртеніп,
Кетті елден еркелік.
Бір күрмеуге келмеді,
Бір-ақ тұтам келте жіп.
Көзден ұшып ақ тары,
Жанға қатты батқаны.
Қалың халық қыр төсін
Қара құрттай қаптады.
Ішті жайлап кек тегі,
Ілжалда қып, ептеді –
...Қалды аштықтан айырып
Сейітқұлдың кетпені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері