Тағы да сүй, тағы да – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Тағы да сүй, тағы да» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1327
Тағы да сүй, тағы да,
Жаралғандай бағыма,
Көзіңнің қара-ағына,
Қараймын, жаным, сағына.
Тағы да сүй, тағы да
Тағы да!..
Тағы да сүй, тағы да,
Жанымның жансын шамы да,
Жайланып жатсын жаны да,
Ойнасын дария қаны да,
Тағы да сүй, тағы да,
Тағы да!..
Тағы да сүй, тағы да,
Тағдырдың мініп тағына,
Өмірдің келтір бабына,
Не жетер өмір балына,
Тағы да сүй, тағы да,
Тағы да!..

17 шілде 2012 жыл
Алматы – Лондон сапары
Ұшақ үстінде жазылған өлең


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері