Аптаның аяғында – Қастек Баянбай

Бұл бетте «Аптаның аяғында» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бала бақтың тәртібін
Сақтадым мен алты күн.
Дәмді-дәмсіз бөкпеннің
Бәрін өзім жеп келдім.
Сапқа тұрып,
Салдым ән,
Құмарлығым бар бұған.
Қала сыртын көруге
Шықтым кеше сейілге.
Жуынуға
Күн сайын
Кеткен шығар бір сабын.
Өтті кілең қиын күн,
Көп шешініп,
Киіндім.
Түскі ұйқының қорлығын
Тағы көрдім
Мен бүгін.
Тәртіп сақтай бергеннен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері