Бұл бетте «Таңертең» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ерте тұрғым келмейді,
Бірақ тағы тұрамын.
Көзім түкті көрмейді,
Естімейді құлағым.
Суды ағызып ақырын,
Жуған болам бетімді.
Кешегі көп ақылым
Кеміп қалған секілді.
Балабаққа бүгін де
Барғым келе қоймайды.
Жақсы көрем үйімде
Кейде жеке болғанды.
Бірақ үйден шығамын,
Қол ұстасып көкеммен.
Ашылып көз,
Құлағым,
Балабаққа жетем мен.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі