Кешкілікте
Бұл бетте «Кешкілікте» атты Қастек Баянбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
admin
- 03.09.2024
- 0
- 0
- 1158
Біз ересек баламыз,
Аппақ жаға-жеңіміз.
Біріншіге барамыз
Биыл күзде көбіміз.
Кейде қызып қанымыз,
Қызарса да шекеміз,
Кешке қарай бәріміз
Ақылды бол кетеміз.
Тымырайып ондайда,
Қайта жымың қағамыз.
Сағат алты болғанда,
Шырт киініп аламыз.
Келсе бізді алуға
Апамыз не көкеміз,
Әлгілердің жанында
Жайраң қағып кетеміз.
- Азамат Төре
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі