Мұқан сазгер – Жеңіс Қашқынов

Бұл бетте «Мұқан сазгер» атты Жеңіс Қашқынов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қайта түлеп қазақтың халқы тағы,
Мұхиттан да асырды даңқын әрі.
Тәуелсіздік аспанын күмбірлетіп,
Күйсандығың сазды әуен шалқытады.

Қайырмасы:
Қос жанарда нұр ойнап,
Оралғандай жаз керім.
Күйсандықта күй ойнап,
Отырғандай сазгерім.

Дарын туса, дарынның мақтан ісі,
Жақтасады әділ мен аққа кісі.
Бөрлітөбе жерінен қанат қақсаң,
Егемен ел өзіңсің мақтанышы.

Қайырмасы

Ұланы едің, қазақтай алғыр ұлттың,
Шырағы едің, табиғат мәңгіліктің.
«Біржан-Сара» даңқыңды биіктетіп,
Әнұран боп қайтадан жаңғырықтың.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері