Рахмет – Ақылбек Шаяхмет

Бұл бетте «Рахмет» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сен сыйладың таң нұрын,
Күннің күміс шапағын.
Еркін күнім – тағдырым,
Рахмет саған, Отаным!

Көз жетпейтін алысқа
Жетіп жатыр атағың.
Ұшты қазақ ғарышқа,
Рахмет саған, Отаным!

Жауқазындай құлпырған
Келеді өсіп қатарым.
Жақсылыққа ұмтылған
Рахмет саған, Отаным!

Жүрегімде сен барда
Таусылмайды сапарым.
Түстік түзу, кең жолға,
Рахмет саған, Отаным!

Өзің үшін буғам бел,
Шарықтайды шат әнім.
Рахмет саған, туған ел,
Айналайын, Отаным!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері