Қара суықта

Бұл бетте «Қара суықта» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 721
Өшiрiп бiр алатындай жан отын
жүдеп-жадап қалған екен дала тым.
Қара суық итередi өңмеңнен
еттен өтiп сүйегiңдi шағатын.
Жүрегiмдi,
жанымды да тондырып,
дiр-дiр еттiм iсiп-кеуiп домбығып.
Қадап соққан қара суық өтiнде
келемiн мен,
келемiн мен жол жүрiп.
Мұндай кезде ойлар келiп құрыған
бүрiсемiн бетер қашқан ұрыдан.
Қыр мен ойды тiмiскiлеп кезiп жүр
қара суық –
қасқыр құсап ұлыған.
Кiсен салып қайратым мен күшiме
қара суық кiрген-сынды iшiме –
Әлдекiмге есем кетiп қалғандай
қалш-қалш етем тiсiм тимей тiсiме.
Күдiк, үмiт түскен-сынды таласқа.
Тек өзiме деймiн iштей: адаспа.
...Бүрсең қағып ақырында жеттiм-ау
жел өтiнде тұрған жалғыз ағашқа.
Дүниенi ашқарақтап торып бiр
қара суық ышқынады соғып бiр.
Дiр-дiр етiп тұла бойы қалшылдап
байғұс ағаш адам құсап тоңып тұр.
Қақ айырып жiберердей бетiмдi
қара суық одан сайын бекiндi.
...О, ғажап-ай, – мен ағашқа тығылсам,
ағаш маған тығылатын секiлдi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қара суықта өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қара суықта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қара суықта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қара суықта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері