Анама хат – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Анама хат» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көз алдымда суретің тұр, жан анам,
Жалғызыңа сағынышпен қараған.
Көптен бері қайтпай жүрген қаладан.

Қайырмасы:
Апатай, қасыңдамын күнде сенің,
Өзіңмен күндіз-түні тілдесемін.
Өзіңсің аспаным да, асқарым да,
Өмірде сенсіз қалай күн кешемін.
Қалай мен күн кешемін?!
Көлеңке жоқ көңілде де,
Гүлге толы жан-жағым.
Түсімде де, өңімде де
Сені ойлаймын, ардағым.

Жан-күйіңді көрем сенің көзіңнен,
Соның өзі маған қымбат сөзіңнен.
Үнсіз ғана тілдесемін өзіңмен.

Қайырмасы:

Апатайым, алаңдама балаңа,
Балаңды іздеп жаутаңдама далаға.
Мәңгі сені ұмытпаймын, жан ана.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Анама хат өлеңінің авторы кім?

Сағи Жиенбаев — осы өлеңнің авторы.

Анама хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Анама хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сағи Жиенбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Анама хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері