Есік көлі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Есік көлі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5198
Жеткізбейді бел-белес
Әлі кетіп барасың.
Сол бір көлді жерде емес,
Көкте ме деп қаласың.
Қөкпеңбек боп ылдидан
Көрінеді ол саған.
Зымырайсың құлдилап,
Ғашығыңа аңсаған.
Қөрінбестей көзге анық,
Тап баспасаң ол саған;
Желден, бұлттан қызғанып,
Орман, таулар қоршаған.
Құлап түскен ертеде
Аспанның бір айындай.
Сол көгілдір еркеге
Қарайсың көз айырмай.
Жеткізбейді бел-белес,
Әлі кетіп барасың,
Со бір көлді жерде емес,
Көкте ме деп қаласың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Есік көлі өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Есік көлі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Есік көлі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Есік көлі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері