Шойынбай қарияның Құшнаш кемпірге түсін жорытуы – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Шойынбай қарияның Құшнаш кемпірге түсін жорытуы» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1086
- Түс көрдім,
Түрі жаман іс көрдім.
Бет-жүзі
Мұз сияқты жып-жылтыр,
Тұла бойын түк басқан
Бір Пәле келіп
Қолындағы темір таяғымен
Құтымның басы
Ақмаямды
Қақ маңдайынан салып қап
Омақаса түсірді.
Сонан соң
Жүндері жалбырап,
Жын қаққандай
Сақылдап күліп
Әп-сәтте
Күптей боп ісінді.
Арпылдап үріп
Иығына жабысқан
Өгізшедей итімді
Тулақ құрлы көрмей
Қағып тастады.
Ай маңдайлы
Болат тұяқты,
Күміс жалды
Арғымағымды
Жалаңдаған қанжарымен
Жарып тастады.
Әукесі аяққаптай салбыраған,
Желіні
Тай қазандай жер сызған
Ақ бас сиырымды
Бір теуіп домалатты.
Иір-иір мүйіздері
Бұратылып ширатылған
Көк қошқарларымды асықтай бір-ақ атты.
Үйіме кіріп
Сол босағамды екі,
Оң босағамды
Үш ұрды.
Зәремді ұшырды.
Ентелеп келіп
Ошағымды төңкеріп
Отымды
Өшіріп жатқанда...
Оянып кеткенім.
Не болғанымды білмей
Сүлдерімді сүйретіп
Өзіңе жеткенім...
Құшынаш кемпір
Көзін жұмып ойланып қалды.
Сонан соң
Үйдің ортасындағы
Ұстын ағашты
Айналып алды.
Бет-жүзі
Бірде
Күн тиген
Көндей көнерді.
Бірде
Қарынға жабысқан
Талақтай көгерді:
– Еліңе
Бір сұмдық
Келгелі тұр екен.
Артың — тұман,
Алдың — түн екен.
Айналаң толы
Жын екен.
Ол пәле барда
Үйіңнің іші
Үйріліп құтырған
Құйын болады.
Алла тағаланың өзі
Алып кетпесе
Ол пәледен құтылу
Қиын болады...
... Шойынбай қария
Сыртқа шықты.
Жүретін жол қарады.
Оңға барды.
Солға барды.
Аспанға көз тікті.
Ал аспаннан
Қарияның
Көз жасына қосылып
Жұлдыздар сорғалады...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шойынбай қарияның Құшнаш кемпірге түсін жорытуы өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Шойынбай қарияның Құшнаш кемпірге түсін жорытуы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шойынбай қарияның Құшнаш кемпірге түсін жорытуы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шойынбай қарияның Құшнаш кемпірге түсін жорытуы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері