Қарлы борасын

Бұл бетте «Қарлы борасын» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 542
Ақ түтек борасын
Аспанның астын толтырып
Ышқынып соғып тұр;
Бет қаратпастан
Ысқырып соғып тұр.
Жер үстiн жалмап
Сыпырып кеткендей,
Дүние жұтылып кеткендей.
Астыққа толып
Қампиып жататын
Алып қамбалардай,
Қап пен қанарлардай
Жота мен белдер де
Көрiнбейдi.
Дөңес пен дөңдер де
Көрiнбейдi.
Көк пен жердiң арасында
Көзге көрiнбейтiн
Ғаламат шеңбер-доңғалақтар
Зырқырап, зуылдап,
Шуылдап айналып –
Көмейiнен! –
Ұйтқыған ақ қарды
Құйып жатыр.
Қайқаң жерлерден сыпырып,
Ойпаң жерлерге
Қуып жатыр.
Жын қаққандай
Бұрқырап жатқан,
Әбiлет соққандай
Жұлқылап жатқан
Сойқан дүниенiң
Тегершiк, тұтқасындай –
Тал менен теректер! –
Дiр-дiр етiп тұр.
Дүлейлi алапат қуат
Жер үстiн
Сүргiн етiп тұр.
Сұрапыл құдiреттi күш
Дүниенi
Тарпып жатқандай;
Аптыға асап
Қарпып жатқандай;
Астыққа толы
Қап пен қанарлардай
Дөңкиген
Жота мен белдердi
Диiрменге салып
Тартып жатқандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарлы борасын өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Қарлы борасын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарлы борасын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарлы борасын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері