Тұтқынның сөзі – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Тұтқынның сөзі» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2933
Мен еліме оралдым,
Толып жатыр көргенім,
Жаны сірі адаммын,
Өлмедім мен, өлмедім.
Қара құлып күзетті,
Күн жарығын көрмедім.
Қабырғадан сыз өтті,
Өлмедім мен, өлмедім.
Қуқыл тартты ақ жүзім,
Ішінде тас бөлменің,
Таусылмапты дәм-тұзым,
Өлмедім мен, өлмедім.
Атымды да ұмыттым,
Болдым иттей қарғылы.
Оты әлсіреп үміттің
Ажал мені аңдыды.
Ниеті ме ақ пейіл,
Көп тілеген анамның,
Өлмедім мен әйтеуір,
Қайта еліме оралдым.
Сонау соғыс күндері,
Салып кетті таңбасын,
Созып келем ілгері,
Сынық өмір жалғасын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тұтқынның сөзі өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Тұтқынның сөзі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тұтқынның сөзі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тұтқынның сөзі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері