Жалы биік жақсы аға

Бұл бетте «Жалы биік жақсы аға» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2241
(Кенжебай Исинге)
Жел-боранды көп көрдің,
Торыайғырдың көліндей.
Көп керуенді өткердің
Жасыбайдың өріндей,
Шаңқай түсің жылысын,
Тақалса да екінді.
Дауылменен туысып,
Тұрсың емен секілді.
Саусақтарың темірдей,
Ақбеттей ақ көңілің,
Шашың қара көмірдей,
Алпыста дер сені кім.
Ақсақалға ағасың,
Болсаң да өзің сақалсыз.
Баяғы бір данасың,
Сөйлемейсің мақалсыз.
Әркім алар саралап,
Алуан гүл бар бақшада.
Болып тұр сау-саламат,
Жалы биік жақсы аға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалы биік жақсы аға өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Жалы биік жақсы аға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жалы биік жақсы аға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалы биік жақсы аға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері