Көш – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Көш» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1943
Келіннің күлкі етеміз ұяңдығын,
қайныға ат қою да – зиянды ұғым.
Үлкеннің жолын кеспеу,
тезек теріп,
қазанға от жағу да – қиял бүгін.
Иісі таба нанның мұрын жарған,
тәтті еді-ау құйрық қатқан қымыз балдан.
Ірімшік, құрт қайнатып, басқұр тоқып,
текемет басу – бізге бүгінде арман.
Желіде шұрқырайды құлын малы.
Сыңғырлап сала құлаш бұрымдары,
көгеннен қозы ағытса қыз-келіншек,
жігіттер жүйрік мінген жымыңдады.
Шетінен сайыпқыран қыр ұлдары,
өлгені – сөзсайыста жығылғаны.
Асауға бас үйретіп, қыран салып,
арланды шықшытынан сығымдады.
Көркі – көш кең даланың құбылмалы.
Ұқпайды бүгінгі ұрпақ мұңымды әлі.
Ас беру, ат шаптыру, қыз төркіндеу –
айналды ертегіге мұның бәрі.
Жаз жайлап, қыс қыстаған қырымдағы
көш еді тірлігімнің бір ырғағы.
Қыз-келін жорға мініп, бала – тайға…
Япыр-ау, сол көшімді кім ұрлады?
1991


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көш өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Көш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері