Гау МЫҢ (Қытай ақыны) – Нұрмұхан Жанұзақұлы

Бұл бетте «Гау МЫҢ (Қытай ақыны)» атты Нұрмұхан Жанұзақұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Айналаң тастай қараңғы.
Сейілер қашан қайғыңыз?!
Қазақстанда жаралды,
Сөнбейтін жарық ай, жұлдыз.
Жанын жеп, таусып көз майын,
У ұрттап жаны алысқан,
Арнады ақыл, ойларын
Тау тұлғалы данышпан.
Өлеңде кеңінен өрілген,
Қараша қамы тізіліп.
Құшағың күн боп керілген,
Жаныңды жүрміз біз ұғып.
Ел бастап, жырмен аттаңдап,,
О, ұлы ақын, шаршадың.
Адамзатта толды ақтаңдақ,
Абайлар туды қанша мың.
Хас сұлулық жасадың,
Сондықтан жұрттан аса алдың.
Жартастарды жаңғырттың.
Көз жасың жуды жағаны.
Саңылау ашып санадан,
Қазақтың тұрды Абайы.
Ақыл мен жырың ұрпаққа,
Әлемді шарлап таралды.
Ай аунап, жылдар көшкенде,
Ұстаз боп Абай саналды.
Бозторғай әні емес бұл,
Салатын тағы қайталап.
Жердің шарын ояту,
Құмары жердің тарқамақ…
Өтеуі қайтты еңбектің,
Сылдырап ақты тас бұлақ.
Самалды жайлау, саумал көл,
Билейді жаңа жас құрақ.
Гуілдеп желі ғасырдың,
Ғарышты өбіп жатады.
Әлемге әйдік әділет,
Бырт-бырт үзді матауды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері