Халық керек – Нұрмұхан Жанұзақұлы

Бұл бетте «Халық керек» атты Нұрмұхан Жанұзақұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Халық керек ағайын, халық керек,
Халық деген – саялы алып терек.
Маңдайыңнан күн өтсе сапарыңда,
Саялауға сол терек анық керек.

Хан тағыңды қадама қара жерге,
Халық деген жасайды қара жерде.
Ақыл білсең, халықтың ішінде жүр,
Қызмет ет, міндағы қарагерге.

Халық керек балам ау, халық керек,
Халқың ұстаз, жүрегін жарып беред.
Халқың үшін арнасаң барлығыңды,
Халық саған өшпейтін тарих беред.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері