Жастарға айтқан жан сырым – Нұрмұхан Жанұзақұлы

Бұл бетте «Жастарға айтқан жан сырым» атты Нұрмұхан Жанұзақұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көтерілген күнімсің,
Жаңа ашылған гүлімсің.
Болашағым, арманым,
Заманымның нұрысың.

Жастар елдің иесі,
Түзу болсын жүрісің.
Осылай біліп, түсініп,
Ілгерлесең ірісің!

Жастармен ел өседі,
Жастармен күн кешеміз.
Жастармен ғана заманнан,
Алынар біздің есеміз.

Талқыға түскен тағддырды,
Жастар мен ғана шешеміз.
Марысқа көшер күн туса,
Жол бастап солар, көшеміз.

Жастарға айтар дәтім бар,
Ақыл – жаста, батырлар.
Жан сөзін мына атаңның,
Мақұл көріп татыңдар!

Ие болғын ұлтыңа,
Ие бол, ата жұртыңа.
Тағдырына ие бол,
Еріп кетпей құлқынға!

Жаным менің жастарым,
Уақыт деген қас-қағым.
Жер шарының төріне,
Қазақ елін бастағын!

Иесі сенсің отанның,
Иесі сенсің жеріңнің,
Төбеңдегі аспанның,
Ордаңдағы төріңнің!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері