Ақыл – Нұрмұхан Жанұзақұлы

Бұл бетте «Ақыл» атты Нұрмұхан Жанұзақұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Басшының өлмейтіні,
Елінің ол қормалы.
Батырдың өлмейтіні.
Өз елінің қорғаны,
Ақынның өлмейтіні,
Адам жанының толғамы.
Ақылдының өлмейтіні,
Жан дүниеге ол дәрі.

Халқыңның қамын жесең,
Төбесінен елің түсірмес.
Әрқашан да ардақтап,
Атыңды тарихынан өшірмес.
Елді жеген, жемеңгердің,
Желкесін қияр кешірмес.

Зұлым патша, елін алалайды,
Халқын адамға санамайды.
Заңнан тайып, алжасып,
Қиянатпен жазалайды,
Мемлекет дәстүрін аяққа басып,
Халықтың жанын жаралайды.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері