Қасқабұлақ – Нұрмұхан Жанұзақұлы

Бұл бетте «Қасқабұлақ» атты Нұрмұхан Жанұзақұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Айналдым қасиетіңнен қасқабұлақ,
Ағасың тасты тесіп, тастан құлап.
Абай мен Әуезовке сусын болған,
Әлемде қасиетің басқа бұлақ.

Күй сынды, гүріліңде, сарылыңда,
Әлемдегі сұлулық бәрі мұнда.
Арнаулы, данышпаным Абай үшін,
Жер ана омырауынан алындың ба?

Бұлаққа күн құшағын жайған екен,
Абайдың ақылына сайран мекен.
Дәнішпан туған бұлақ біреу ғана,
Қанатын осы жерден жайған екен!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері