Жақсымен, жайсаңдармен жарастырған
Бұл бетте «Жақсымен, жайсаңдармен жарастырған» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жақсымен, жайсаңдармен жарастырған
Тура жол, ал бір кейде адастырған.
Құс ұшып көгімізден, көктем келіп,
Іздерім шыға келді қар астынан.
Бір аруға көз салар жүз бөрігі,
Көктем ғой, жайнап шығар қыз көрігі.
Оянып махаббаты мәңгіліктің,
Қар еріп, кеудемізден мұз да еріді.
Кеудемізде бір жүрек тұр-ау жанып,
Қар кешіп, бірге аунадық, бір аунадық.
Аруға аппақ қардай қараушы едік,
Жанарлар терезесі қырауланып.
Сезімнен мың қызарып бір өңіміз,
Ғашық боп жайнап салып реңіміз,
Махаббат көктемінде күннен ыстық,
Өртеніп, балқып-жанды жүрегіміз.
Тұлпардың тұяғынан тұнады енді
Арғымақ атпен шауып құба белді,
Кешегі махаббаттың куәсындай
Іздерім қар астынан шыға келді!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі