Тау өзендері

Бұл бетте «Тау өзендері» атты Сырбай Мәуленов жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3791
Тастан тасқа секіріп,
Ақ жалын болып атылған.
Айқай-шумен өкіріп,
Толқынды қағып сапырған.
Ой салып сырын ұққанға,
Табиғат жырын тыңдатқан.
Бұрқанған долы бұлттарға
Ысқырып жел боп тіл қатқан.
Ашуланып ақса да,
Қаһарлы таудан бас алып.
Жеткенде ойға — бақшаға,
Желкілдер гүл боп жасарып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тау өзендері өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Тау өзендері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тау өзендері өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Тау өзендері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері