Мезгіл ауып барады Қарашаға

Бұл бетте «Мезгіл ауып барады Қарашаға» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 923
Мезгіл ауып барады Қарашаға,
Хал-жайыма Қараша караса ма?
Əлі күнге өзіңді аңсай берем
Жəрмеңкесі жастықтың тараса да.
Топ ішінен өзің ең таңдағаным,
Тағдырыма жазбаса, бар ма амалым,
...Тоты қыздың қылығы еске түссе,
Төсегімнен тұра алмай дал боламын.
Балақаздай баптаған құсым едің,
Алажаздай айдында ұшып едің.
Көрсем-ау деп жүзінді жүдей-жүдей
жүз батпан жүк жүрекке түсіремін.
Мезгіл ауып барады Қарашаға,
Қарашамен жай-күйім жараса ма?
Жалғыздықтан құтқарар жан көрмедім,
Өзің келіп түспесең арашаға...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мезгіл ауып барады Қарашаға өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Мезгіл ауып барады Қарашаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мезгіл ауып барады Қарашаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мезгіл ауып барады Қарашаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері