Көктем едi – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көктем едi» атты Исраил Сапарбай жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.06.2021
  • 0
  • 0
  • 662
Көктем едi...
Көрсек дедiк көктемде Көктөбенi.
Аспалы жол домбыра iшегiндей
Алматыдан бiздi алып кеткен едi.
Серуендеуге болатын кез ыңғайлы,
Елiтедi бiр масаң сезiм бойды...
Мен бұл күнi желпiне жыр оқыдым
Өмiр жəйлi,
Гүл жəйлi,
Өзiң жəйлi...
Мұндай кездер өмiрде көп болмайды,
Мұндай кезде көңiлде шек қалмайды.
Мен бұл күнi желпiне жыр оқыдым
Өзiң жəйлi,
Гүл жəйлi,
Көктем жəйлi...
Бiр нүктеге үн-түнсiз қарап қалып
Сен тыңдадың,
Кеттi өлең қанат қағып.
Алматы да
Ақ шаңқан Алатау да
Жатты менiң жырымда мадақталып.
Ақ көңлiме арбалып қалдың бiлем,
Бал-бұл жанып кеткендей балғын iрең...
Ал сонан соң...
Бiздердi аймаласқан
ала бердi баурына шалғын – кiлем...
...Үнiң неткен, Уақыт-ай, өктем едi?
Күнiмдi өткен кiм ендi ап келедi?
Көктем келсе, ерiксiз еске алам мен
Сол бiр күндi,
Өзiңдi,
Көктөбенi...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем едi өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Көктем едi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем едi өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем едi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері