Аямай-ақ қой мені, аямай-ақ – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Аямай-ақ қой мені, аямай-ақ» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.07.2021
  • 1
  • 0
  • 848
Аямай-ақ қой мені, аямай-ақ
Бірі екен деп ақынның жалаңаяқ.
Сенің құлқың – құныкер қу дүние,
Менің мүлкім – тар кепеш, табақ, аяқ...
Жүрген жан деп ойлама Жұмақ іздеп,
Жұмақ бізді нағылсын,
Күнəміз көп...
Талқанымыз таусылып қалғандай ма,
Ана қыз деп,
Жүргенде мына қыз деп.
Қалды дейсің қай қызық қыздан басқа,
«Өлсем, орным – қара жер мұз болмас па»?
Ауызға алып Алла атын ант етемін,
Қыздан басқа «олжаны» қызғанбасқа!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері