Желтоқсан – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Желтоқсан» атты Исраил Сапарбай жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 23.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1943
Құстар көшіп барады түзде шұбап...
Көшпей, қонбай келеміз біз де шыдап.
Саусағыңды тарбиған көкке жайып,
Көз жасыңды көзімше үзбеші, бақ.
Бұлыңғыр бұлт, булығып кемсеңдеме,
Түсіп кетті соншама еңсең неге?
Көкке құмар көңілім, сен де өрекпіп,
Көшкен жұрттың соңынан ерсем деме.
Ере алмайсың!
Қаласың қыстауыңда.
Қыспағың да сол сенің, ұшпағың да.
«Үсті-басы ақ қырау, түсі суық
Кəрі құдаң» – Қыс келіп түсті ауылға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Желтоқсан өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Желтоқсан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Желтоқсан өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тәуелсіздік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Желтоқсан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері