Лениннің машуктегі ескерткіші – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Лениннің машуктегі ескерткіші» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 1848
Күңіренді Кавказ шыңдары,
Омырауын жыртты оқ ұшып,
Толқындар өрттей шулады
Тастар да жатты соғысып.
Жаңғыртып Кавказ өзенін,
Естілді тағы жат үні.
Күткендей тұрды кезегін,
Дауыл мен оттың ақыны.
Боялған батып қанға ағаш,
Жоқ бүгін жоны тегіс жер.
Қараңғы түнмен қарбалас,
Машүкке кірді немістер.
Таң бір сурет ашты алдан
Қалмады жауда ес пен түс.
Қаланған сырлы тастардан
Көлденең тұрды ескерткіш.
— Жаңқадай тауды лақтырып,
Басады топан жер жүзін,—
Деп дұшпандар аптығып,
Қаптатты оқтың теңізін.
Борады оқ Машук тауына,
Лапылдап жанды тас күйіп.
Биіктен қарап жауына
Ленин тұрды қасқиып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Лениннің машуктегі ескерткіші өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Лениннің машуктегі ескерткіші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Лениннің машуктегі ескерткіші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Лениннің машуктегі ескерткіші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері