Орал орманы – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Орал орманы» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2961
Ажал төніп анталап,
Аспанды бұлт торлады.
Аттандық біз батысқа
Қалды Орал орманы.
Қалды орыстың жас қызы
Орамалы желпілдеп.
Өзеніндей Исеттің
Қөзде жасы мөлтілдеп.
Аттандық біз батысқа
Аялдамай аптығып.
Қас қарайып, күн батып
Айналаны жапты ымырт.
Буырқана түйілдік
Бұзылды жау қорғаны.
Болды солдат сапында
Байтақ Орал орманы.
1943


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Орал орманы өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Орал орманы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Орал орманы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Орал орманы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері