Алфавитпен аттайық – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алфавитпен аттайық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1906
А
Алфавитпен аттайық,
Айтқан тілді ал, күнім.
Алдыменен жаттайық
Аңдап жүру тәртібін.
Ә
Әдемі сен баласың,
Әдептілік сақтайсың.
Әр көшенің арасын
Әсем жүріп аттайсың.
Б
Барғын мейлі базарға,
Барғын мейлі мектепке,
Бар көлікті ал назарға,
Бұра тартып, шет кетпе.
В
Велосипед мініп ап,
Вираж жасау қауіпті.
«Волгаға» мін бір уақ,
«Волга» басар зауықты.
Г
Гуілдейді машина,
Гулей есіп жолменен.
Гулеме сен асыға,
Гулесе де ол деген.
Ғ
Ғаламат қой жол деген,
Ғылым – бүкіл тәртібі.
Ғарышта да ол деген
Ғажап досың әр күні.
Д
Дұрыс жүргін көшеде,
Дедектеме, абайла.
Дауа ғой не десе де,
Дәл айтады ағайлар.
Е
Егер бола қоймаса
Ешбір белгі бұрышта,
Ересекпен қолдаса,
Еріп өткен дұрыс та.
Ж
Жасыл сәуле жанғанда.
Жол ашық деп біле бер.
Жасқанба да алданба,
Жайраң қағып жүре бер.
3
Зердеңе сен құйып ал,
Зыр жүгірмей дәл бас та.
Зерек болсаң миы бар,
Зор көлікке жармаспа.
И
«Икарусқа» мінесің,
Инабатты баласың.
Именбестен жүресің,
Игі іске барасың.
К
Конькиде әсте қызық көп,
Конькиді теп ойлана.
Кейде тәртіп бұзып тек,
Көше үстінде ойнама.
Қ
Қиылысқа келгенде,
Қалма бекер оқталып.
Қызыл шамды көргенде,
Қарайлай тұр тоқталып.
Л
Лайықсыз десе де,
Ләңгі, рас, жаман-ау.
Ләңгі теуіп көшеде,
Лағып кетпе, балам-ау.
М
Мұздақ аса қауіпті,
Маңайларсың сақтанып.
Мақұлдап бос сауықты,
Масайрама мақтанып.
Н
Нағыз мықты баласың, –
Нағыз құнтты баласың:
Нанға өзің барасың,
Нанды өзің аласың.
О
Ортасында көшенің
Онға ұқсас орын бар.
Онда тұрсаң төзе біл,
Ойнамайтын болыңдар.
Ө
Өлеңдетіп өтем деп,
Өзіңді-өзің ұмытпа.
Өте бермей секендеп,
Өтер жерді құнтта.
П
Поезд жолдан өтерде,
Поезды күт, асықпа.
Пысықсынба бекерге,
Поёзд тұр деп қашықта.
Р
Реттеуші қолдарын
Ретімен қозғайды.
Реттейді ол бәрін,
Ретсіз қол созбайды.
С
Светофор – сенімді
Сүйенішің, серігің.
Сүйсең жүрген жеріңді,
Сыйламайды сені кім?
Т
Троллейбус, трамвай
Түзу жолмен жүреді.
Тәртібін ел ұға алмай,
Түсіп қалай мінеді?
Ұ
Ұзын көше жол деген,
Ұстай білгін сырды ұқ та.
Ұшқалақ боп сен дегем,
Ұрынбағын қырсыққа.
Ү
Үйден шықсаң көшеге,
Үнемі сен есіңе ал:
Үлкендер не десе де,
Үйрене бер, несі бар?
Ф
Фургон жүрген жерде сен
Футбол ойнын қой, бала.
Футболды жақсы көрмесең,
Футболды еш ойнама.
X
Хоккей ойны дегенде,
Халық қарап қалмайды.
Хабар жетсе егер де,
Халық жолды аңдайды.
Ш
Шартарапта, шет елде
Шақ ереже баршаға.
Шындап белді бекемде,
Шалдықпа да шаршама.
Э
Экспресс тез жетпек,
Элеватор тұр биік.
Экспресс, тез жет деп,
Электр тұр нұр құйып.
Ю
Юра ағай жердегі
Ережемен танысты.
Содан кейін ерледі,
Шарлап шығып ғарышты.
Я
Я, достар, көшенің
Ережесін білмесең,
Теріс шығып есебің,
Таяқ жейсің күнде сен. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алфавитпен аттайық өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Алфавитпен аттайық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алфавитпен аттайық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алфавитпен аттайық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері