Ех, Лена!

Бұл бетте «Ех, Лена!» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 747
Ех, Лена!
Лена, Лена –
Елена қыз,
Туды екен бiздi бөлек неге анамыз?
Бойтұмар болашаққа – ақын жайлы
айтылар нелер өсек, нелер аңыз...
Себебi ол бiрдi сүйiп, мыңға ғашық.
Жүредi «жұмақ» iздеп... күнде адасып.
Қасынан өте қалса, қыз-қырқын мен
қарайды қауыздарын гүлдер ашып.
«Көкте ме, перiштелер жерде ме?» – деп
Болады болмыс сырын зерделемек.
Кей-кейде жыр оқиды ол, теңiздейiн
толқи кеп,
тебiрене кеп,
тербеле кеп!
Есiгiн ешкiмге ашпай ендi бiрде,
Ен дүние, елеңдемей мол дүбiрге,
Оңаша ой кешедi, сөйлеседi
Өкпе айтып өлеңiмен кемдi күнге.
Жалғыздық жатса-тұрса жанын жердей,
Жүргенi кейде өзiне дамыл бермей,
Түнiмен жау түменiн жайратпаққа
найзасын қайрап шыққан жауынгердей!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ех, Лена! өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Ех, Лена! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ех, Лена! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ех, Лена! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері