Зәуреш

Бұл бетте «Зәуреш» атты Мұхит Мерәліұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.05.2019
  • 0
  • 0
  • 8866
Уа, Зәуреш, сенің үшін елден келдім,
Баяғы өзің көрген жерден келдім.
Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,
Иіскеп, бір сүйейін деген едім.

Қайыңның жазда көрдім жапырағын,
Құланның тауда көрдім шоқырағын.
Сен қалған отыз ұлдан едің, Зәуреш,
Бір уыс бұйырмады топырағың.

Сақталмас болат пышақ қын болмаса,
Өтірік неге керек шын болмаса.
Зарланып саулы інгендей келгенімде,
Басыңды бір көтерші тым болмаса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Зәуреш өлеңінің авторы кім?

Мұхит Мерәліұлы — осы өлеңнің авторы.

Зәуреш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Зәуреш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұхит Мерәліұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Зәуреш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері