Жарылмаған бомбалар – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Жарылмаған бомбалар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 677
Газеттерге шығады ғой хабарлар:
соғыс сұмның сарқыты боп қап қойған
шағын, яки үлкен ұлы қаламнан,
жаңа құрылыс алаңнан,
немесе бiр қазаншұңқыр,
каналдан,
бұғып жатқан жер астына тығылып
жарылмаған,
жанбаған
табылды деп бомбалар!
Кiм сақтасын бомбаларды мұра қып,
жарады ғой оларды
айдалаға шығарып.
Бiлем, бiлем –
шаттыққа жыр арнаған
жүрсек те бiз тыныштықпен тыныстап,
бұғып жатқан
бүлiк, ылаң салмаған
жетедi әлi жарылмаған бомбалар!
Күнiм туса өрт болам деп асқынған,
айналам деп отты құйын тасқынға,
жатыр олар қара жердiң астында,
жатыр олар қара жүрек астында!
Сусыны әлi қанбаған
қызыл қан мен
жоқтауларға зарлаған,
бұғып жатқан қара жүрек астында
арамдық пен зұлымдық –
жарылмаған бомбалар!
Қара жердi қуырып,
бiр уыс қып аспанды,
жоқ ететiн кеңдiк пенен асқарды
жарылмаған бомбалар –
бұғып жатқан
жауыздық пен қастандық.
Жүре бермей
шаттық нұрға баттық деп,
қарау керек сақтықпен:
бiзбен жалған тiлдесiп,
бiзбен жалған үндесiп
Жарылмаған Бомбалар
арамызда жүрмесiн!
Туын ұстап жүрсем де мен бақыттың
тұрам кейде атып бiр!
Жарылмаған Бомбалар
бiтеу жара секiлдi
қара жер мен
жүрегiме батып тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жарылмаған бомбалар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Жарылмаған бомбалар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жарылмаған бомбалар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жарылмаған бомбалар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері