Тілек – Махамбет Өтемісұлы

Бұл бетте «Тілек» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Палуан жолбарыс секілді
Алысқанды алып ұрған білегім,
Қамалаған жаудан қайтпаған
Қайнаған қара болаттай
Қарсы біткен жүрегім!
Ертеден кешке дейін зарласам,
Бермей ме екен құдайым
Біздей тарыққан ердің тілегін?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Ерасыл Аймағанбетов

Керемет өлеңдері

Шұғыла

Əрине,біздің Махамбет атамыздың шығармаларын білмеу-надандықтың белгісі!!!!

Осы автордың басқа өлеңдері