Базары қызық бал күннен – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Базары қызық бал күннен» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.06.2021
  • 0
  • 0
  • 702
Базары қызық бал күннен
Қаламай жүрiп гүл өзге
Қалайша суи қалдым мен
Өзiңнен, қалқам, лезде?
Өзгердiм қалай тосыннан,
Кiнəлi, айтшы, кiм бұған?
Көрем бе жақын досымнан,
Көрем бе жақын құрбымнан?
Суынды көңiл тез неге,
Тəттiге тойынғаннан ба?
Аңсарым ауып өзгеге,
Өзгеде ойым бардан ба?
Мезгiлсiз солып гүл – өңiң,
Өткен бiр күнге кектенiп,
Өзiң де менi, бiлемiн,
Өлердей кеттiң жек көрiп!
Жүрсең де налып жалғанға
Өзгеше ғажап өрсiң-ау!
Мен жайлы сұрай қалғанға
«Дон-Жуан едi», – дерсiң-ау.
Мазаққа душар болған жан
Азапқа қалай көнсiн-ау?!
Мен жайлы сұрай қалғанға
«Қатыгез едi», – дерсiң-ау...
Керек пе, əлде, өзгеше ем,
Суынды неден бұл көңiл?
Себебiн өзiң сезбесең,
Бiлмедiм, қалқам, бiлмедiм...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Базары қызық бал күннен өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Базары қызық бал күннен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Базары қызық бал күннен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Базары қызық бал күннен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері