Қазақы дастарханым – Жарылқасын Боранбай

Бұл бетте «Қазақы дастарханым» атты Жарылқасын Боранбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.05.2019
  • 0
  • 0
  • 7480
Бүгінгі ел ішінде,
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық белгісімен,
Жағалай малдас құрған.

Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарқаным.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.

Анаға ақ пейілді,
Иілсе келін-балаң.
Ықылас, ізет еткен,
Сыйластық елін табам.

Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым,
Қазақы дастарқаным.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.

Дәм татар талай ғасыр,
Ұрпақтар абай болсын!
Кірлетпей таза ұстасын,
Халықтың шар айнасын!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар