Бұл бетте «Ақ тілек» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сұрайтын жан емеспіз жәй керегін.
Алла бермей қойса егер қайтер едің?
Жас шыбықтай ұланың өсіп өніп,
Болсын ертең мәуелі бәйтерегің.
Ұл-қыз берсе, берсе екен санасына.
Әр ана алаңдайды баласына.
Сенім артқан ұланың аман болсын,
Қамқор болсын әкеге, анасына.
Асыл мінез шығады тектілерден.
Келін берсін ибалы, текті жерден.
Немерені әлдилеп, шөбере сүй,
Құдаларың болсыншы көпті көрген.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі