Өзгеру – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Өзгеру» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 842
Көңілің мәрт,
қолың жомарт,
жаның кең,
арынды да,
дарынды да,
алымды ең,
сенен ғана көруші едім
кісілік,
ерлік,
кендік,
кемелдіктің бәрін мен;
Есіргенге
есе бермей өр көңіл,
кесірден де
кегіңді алып сен небір,
жамандамақ болған шақта біреуді
саған қарап сөйлеуші еді төрдегі ұл.
Ірілікті не қылады ендігі ез,
ұлы жолда ұры-қары болды кез,
тоқты көріп,
ептіге еріп,
ақыры
кетті кеміп
сол кісілік,
сол мінез.
Сен деуші едім үлгілі де үздігім,
босап шыға берді қалай тізгінің?
Аңғырт басым бара жатты айналып,
жаңғыртпасын сезген сайын түзде үнің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзгеру өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Өзгеру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзгеру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзгеру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері