Жас ақынның көңілі – Хамит Есеман

Бұл бетте «Жас ақынның көңілі» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 545
Ұлы боп күн кешкім келеді,
Мына әлем сыйдырмай қоймаса;
Жазылып ғасырдың өлеңі,
Адамзат сол жайлы ойласа;
Ұлы боп күн кешкім келеді,
Әйтпесе бұл әлем алдайды.
Бар оның өзіндік себебі,
Бірақ та айтуға болмайды.
Тентіреу...
Содан соң тас қала,
Табанды тоздырған көшелер.
Ұлылық соңында жас бала,
Уақытпен өлеңін еселер.
Ұлы боп күн кешкім келеді,
Жүк болмай өлеңнің обалы.
Жазылса ғасырдың өлеңі,
Басқаның қажеті шамалы...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жас ақынның көңілі өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Жас ақынның көңілі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жас ақынның көңілі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жас ақынның көңілі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері