Құдай-ау, төбемнен тағы ұрдың

Бұл бетте «Құдай-ау, төбемнен тағы ұрдың» атты Сәкен Иманасов жазған діни тақырыптағы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 938
Құдай-ау, төбемнен тағы ұрдың,
аңырдым,
есімнен жаңылдым,
сағымның сынғаны осы ма,
сабылдым қаншама, сағындым!
Сабыр қыл, дедім де, сабырлым,
аңырдым,
есімнен жаңылдым,
несіне қағындың, құдай-ау,
жарығын өшіріп шамымның!
Сабылып,
санымды сан ұрдым,
сарылып,
сарғайдым,
сағындым.
Шағылып тауым да бүл күнде,
қамығып,
қара ішік жамылдым.
Не жазып, мен неден жаңылдым.
жаныма болмады-ау дамыл күн,
бойымды көтертпей бір сағат,
тұмшалап тұрғаны-ай қалың мұң!
Құдай-ай, несіне қағындың,
аңырдым, есімнен жаңылдым,
болам деп тұрғанда —
болдырмай,
оңдырмай төбемнен тағы ұрдың! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құдай-ау, төбемнен тағы ұрдың өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Құдай-ау, төбемнен тағы ұрдың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құдай-ау, төбемнен тағы ұрдың өлеңі не туралы?

Бұл шығарма діни тақырыптағы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Құдай-ау, төбемнен тағы ұрдың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері