Қалталар

Бұл бетте «Қалталар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1271
Бір-біріне барабар
Бізде екі бала бар.
Бірінің аты Балтабай,
Екіншісі Қалтабай.
Жұлдыздан да көктегі
Қалталары көп тегі.
Бірінен мақта шығады,
Бірінен шаппа шығады.
Бірінен сым шығады,
Бірінен жүн шығады.
Бірінен тарақ шығады,
Бірінен парақ шығады.
Бірінен сабан шығады,
Бірінен қалам шығады.
Бірінен айнаның сынығы шығады,
Бірінен өзінің шұлығы шығады.
Бірінен дәрі шығады,
Әрі іздесең, әлі шығады...
Әйтеуір, қойшы,
Не керек, соның бәрі шығады.
Ұры қалта,
Ірі қалта,
Міне, қалта,
Әне, қалта.
Сөздің қысқасы,
Киімінің бәрі қалта.
Іш қалтасы, жанқалтасы,
Сырт қалтасы, тар қалтасы,
Жең қалтасы,
Кең қалтасы,
Ығай-сығай бар қалтасы.
Етек қалта, төс қалтасы,
Әйтеуір, жоқ бос қалтасы...
* * *
Тап осындай Қалтабай
Арамызда бар талай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалталар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қалталар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалталар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалталар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері