Ала қойлар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ала қойлар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1199
Патша Арыстан қойларды ала сүймеді,
Оп-оңай-ақ болар еді жоюға,
Заңсыздау ғой, бірақ сөйте қоюға –
Сол үшін бе тәжді киіп жүргені?
Тым ыңғайсыз өзі бастау шатақты;
Бірақ, қойдың ұнамайды бұл түрі,
Сақтап қалу керек әрі атақты.
Кеңес құрып бір күні,
Шақырды оған Аю менен Түлкіні.
Көрген сайын қойларды ала қор болып,
Күні бойы көзі ауырып түйнеді.
Қалар бұдан бір күндері көр болып,
Қойдан қалай құтылуды білмеді.
«Ұлы Арыстан, – деді Аю қара сұр, –
Керегі не артық сөйлеп шатылып,
Алыстан жұрт шақырып.
Қыру керек. Қойға кімнің жаны ашыр?»
Аңдап Түлкі Арыстанның қабағын,
Деді жайлап: «О, патшамыз шүбәсіз,
Дұрыс еттің текке орғызбай тамағын.
Мен бір кеңес берейінші, тақсырым:
Бөліп бергін жайылымды жақсы бір,
Шөбі шүйгін болсын белес-белдері;
Малшы қауым болғанымен кенде бір,
Қой бағуды Қасқырларға тапсырғын.
Байқауымша, болса солай күтімі,
Өзі-ақ құрыр сонда олардың тұқымы.
Ал, Қасқырлар тойлай берсін тойларын,
Не істесе де жұқпас сіздің бойға мін».
Түлкі сөзін кеңес қабыл алғалы,
Арыстанның ойы іске дәл асып,
Сол қойлардың өспек түгіл аласы,
Қарасы да қалмады.
Дейсіңдер ғой бұдан соң аңдар қалай қарады?
Арыстанды ақылды, Қасқырды сұм санады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ала қойлар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ала қойлар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ала қойлар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ала қойлар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері