Көл қорыған қызғыштың – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Көл қорыған қызғыштың» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 633
Көл қорыған қызғыштың
қолға үйретіп көкесін,
өндір-өндір қыз құштым,
өзім қиып некесін.
Аңыз тыңдап, ән ұқтым
аталардан ай көмей,
Бетін қақтым бәдіктің
бағлан демей, бай демей.
Баталы сөз айтыппын:
белін жазып бүкірдің.
Тәлімсіген тәйтіктің
төбесінен түкірдім...
Қоя-жынын ашып ем —
құты қашты "күйлінің".
Қасақана басып ем
жатқан жылан құйрығын.
Жұпынымын демедім,
күпіліні кезге ілмей.
Өңмендеген неменің
өтін іштім сездірмей.
Қалдырғаным табаға
келеді әлі арбасып.
Қолы жетпей жағама,
балағыма жармасып.
Жақсыларды түстеп те,
түгендеп бір көрмек ем.
Кетті қойды күш текке,
жетпей қалып ерде дем.
Шарап ішпей, шала мас,
шамырқанған тұр мынау.
...Өң мен түсім аралас
өмір сүріп жүрмін-ау!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көл қорыған қызғыштың өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Көл қорыған қызғыштың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көл қорыған қызғыштың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көл қорыған қызғыштың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері