Белгісіз – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Белгісіз» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 834
Не шығар енді келіп өкінгенмен,
қамығып,
қадіріңді кетіргеннен,—
көп қыздың бірі екенсің, қарағым-ай,
көктемнің көбелегі секілденген.
Ғашық та бола жаздап бір күн ерсең,
тұрасың қона жаздап —
гүлді көрсең.
Көненің көзіндей боп, қылықтым-ай,
деп едім,
өзгелерге үлгі берсең...
Ұнаған
қылығыңда,
бұрымың да,
деп едім,
тұңғыш татқан тұнығым ба...
Кім білген,
үміт,
күдік сиыспасын
махаббат дейтін сол бір ұлы ұғымға.
Қамығып,
қалқам, саған кейімедім,
өзім де алдануға бейім едім...
Белгісіз —
сенімсіздік араласқан
ащы ойдан енді қашан сейілерім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Белгісіз өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Белгісіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Белгісіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Белгісіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері