Алтын бидай өлкесі

Бұл бетте «Алтын бидай өлкесі» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1631
Тербеліп алтын бидай, тебіреніп,
Алтын күн шуақ төге еміреніп,
Ақырын айдарымнан аймалайды,
Аяулы атамекен желі келіп.

Шыдамас тентек кеуде селт етпеуге,
Диқандар Отан үшін тер төккенде.
Даламның ұлан-асыр қуанышы,
Артық қой аңыздан да, ертектен де.

Даланы бала болып келген білер,
Даланы миллиарднан берген білер.
Бақытын термен күрер, тербелдірер,
Даланы мекендейді орденділер.

Бірігіп, тер төгуге дос қолдары,
Білмейсің дала қане, аспан қане.
Аймалап алып күнді бара жатыр,
Ақ бидай, алтын бидай баспалдағы.

Қойыны кең даланың толған шебер,
Қалайша олар барда арман сөнер?
Даланың құдіретін түсінесің,
Даладай қасиетің бар болса егер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын бидай өлкесі өлеңінің авторы кім?

Мылтықбай Ерімбетов — осы өлеңнің авторы.

Алтын бидай өлкесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтын бидай өлкесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мылтықбай Ерімбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтын бидай өлкесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері