Құмыра – Мылтықбай Ерімбетов

Бұл бетте «Құмыра» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3842
Туған жердің құмына,
Арнаған сан сапарды.
Тапты бала құмыра,
Мектебіне апарды.

Сол құмыра табылған,
Жіберілді қалаға.
Алғыс айтып, ғалымдар,
Хат жолдады балаға:

«Рақмет саған, балақан,
Іс атқардың бағалы.
Ұлан-байтақ, кең Отан,
Құпиясы мол әлі.

Құмыраңнан сенің де,
Көп мәлімет алынды.
Қазып алған жеріңде,
Қала болған кәдімгі.

Аты Отырар делінді,
Көп еді үйлер ... көшелер.
Туып-өскен жеріңді,
Жақсы біліп өсе бер».


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құмыра өлеңінің авторы кім?

Мылтықбай Ерімбетов — осы өлеңнің авторы.

Құмыра өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құмыра өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мылтықбай Ерімбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құмыра өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері