Ата, Әже – Мылтықбай Ерімбетов

Бұл бетте «Ата, Әже» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.04.2020
  • 0
  • 5
  • 29652
Жұлдыз дейсің, күн дейсің,
Жайнап тұрған гүл дейсің.
Ең жақсы гүл, жарық күн –
Әжең емей, кім дейсің?

Атаңменен кеңес те,
Өрле, биік белеске!
Бабалардың намысы,
Жүрегіңде емес пе?

Баба деген ұлы есім!
Шежіреден білесің.
Жүрді бастап жеңіске ол,
Әкелердің күресін.

Ту астында табысқан,
Бақыт үшін алысқан.
Әр бөбектің адамның қамқоры –
Ата, Әже – данышпан.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (5)

Санжар

Өте керемет білімал кз керемет өлейдер көрсетеді

Арсен

Өте күшті тақпақ деп ойлаймын

Арсен

Өте керемет өлең екен маған ұнады

Арсен

Өте керемет білімал кз керемет өлеңдер көрсетеді

Садраддин

Бұл өлең маған ұнады.Жақында осындай өлең шығарамыз

Осы автордың басқа өлеңдері